ushqyr@mail.ru +7 777 375 68 37

Мұғалім-зор тұлға,ол күннің құдіретті сәулесі іспетті.

К.Д.Ушинский

Card image cap

Математика
пәнінің мұғалімі
Садыков А.С

Жаңа әдіс– тәсілдерді пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып оқыту

Бүгінгі таңда математика қоғам өмірінде үлкен рөл атқаратыны мәлім. Математика — адамның ақыл-ойын, сана-сезімін, ойлау қабілеттерін дамытатын бірден-бір құрал. Сондықтан да математиканы дамыта оқыту күн тәртібінде ең бірінші тұрған мәселе. Математикадан орта білім беру мазмұны бойынша:

Оқушыларды шынайы өмірде орын алатын математикалық мазмұнды процестерді тани білуге үйрету, өздіктерінен ойлап, тұжырымдай білуге үйрету, математикалық сауаттылықтарын қалыптастыру, жетілдіру болып табылады.

Оқушыларды ақпараттық-коммуникациялық технология көздерін пайдалана білуге үйрету, әртүрлі анықтамалық құралдардан қажетті материалдарды таба білуге дағдыландыру – мұғалімнің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар мұғалім оқушыларды математикалық символдарды математикалық терминдерді пайдалана білуге үйрету қажет.

Математиканы оқытудың қазіргі жағдайларында оқушылар әр түрлі информацияларды оқып, тани білулері тиіс және оны талдап, жүйелеп, пайдалана білулері қажет. Мұғалім оқушылардың ойлау қабілеттерін белсендіру үшін оларға модельдеу, анализдеу, синтездеуді үйретеді. Мұғалім оқушыларға математикадан жүйелі білім беру үшін өзінің жұмыс әдіс-тәсілдерін жаңа информациямен байытып, кеңейтіп отыруға тиіс. Қазіргі таңда оқытудың елуден астам технологиясы бар, осылардың кейбіреуі біздің білім беру жүйемізге еніп, тәжірибемізден орын алуда. Қазіргі ұстаздар қауымының алдында тұрған үлкен мақсат-өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Оқушының шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М.Жұмабаев болатын. «Ойлау - жанның өте бір қиын терең ісі-деп атап көрсете келіп, тәрбиеші баланың ойлап, үйренуіне көп күш жұмсау керектігін ескертеді». Осылайша, мұғалім оқушымен жұмыс жасау арқылы өз шығармашылығын дамытады.

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: жаңа форматта сабақ өткізу барысында білім беру үрдісі нәтижелі болу үшін оқушыларға білімді өз бетімен меңгертуде мұғалім бағыттаушы ролінде болады. Білімді өз бетімен меңгеру барысы оқушының «өзін-өзі реттеу» үрдісіне жатады. Өзін-өзі реттеу арқылы балада түсіну, қадағалау, бақылау қабілеттері дамиды.

Топтық оқыту әдісін қолдану кезінде оқушылардың өзін өзі басқару, өзін өзі бағалау оқушылардың білім деңгейін, ынтасын көтереді, бір біріне көмектесу, бірінің білмегенін бірі толықтыру арқылы сенімділік артып, оқушылардың тақырыпты меңгерудегі олқы жерлерін бақылап, мұғалім мен оқушылар арасында бір бірімен тығыз қарым-қатынас орнатылады. Математика сабағында топтық жұмыстар қолданылған жекелеген жобаларда толық топтарға қарағанда, шағын топтағы оқушылардың шығармашылықпен неғұрлым тиімді жұмыс істегені байқалады. Себебі, олар тығыз ынтымақтастық пен сындарлы әңгімелесу жағдайында математика есептерін шешуде өздерін сенімді ұстайды.