Байқау талаптары
Оқушылар жұмысы жас ерекшелігіне (сыныбы) қарай бағаланады. Ережеге сәйкес келмеген байқау материалдары қарастырылмайды. Байқауға ұсынылған шығармалардың тақырыпқа сай болуы басты назарға алынады.
Эссе көлемі 250 cөзден кем болмауы керек. Шығармалар қазақ және орыс тілдерінде қабылданады. Шрифт: Тimеs New Roman, шрифт өлшемі – 12.
Байқау жұмыстары өзге ақпарат көздерінен, өзге автордан алынбаған болуы тиіс. Плагиат жұмыстар конкурстан шеттетілетінін қатаң ескертеміз!
Қатысушыларды марапаттауЖеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.Орын алмаған қатысушыларға қатысқандығы жайлы куәлі беріледі. Ұйымдастыру комиссиясының шешімі қайта қаралмайды.
Бір тапсырыспен 5 оқушысы қатысқан мұғалімге Алғыс хат, ал бір тапсырыспен 10 оқушысы қатысқан мұғалімге Диплом беріледі. Мүмкіндігі шектеулі оқушыларға қатысу және дипломға тапсырыс тегін жүргізіледі (тиісті құжаты көрсетілгенде). Дипломдар 24 сағат ішінде беріледі. Мәліметтердің дұрыс толтырылуына қатысушы жақ жауапты.