"Ushqyr" білім орталығы білім беру саласында Республикалық деңгейде ұстаздар мен оқушыларға
сапалы қызмет көрсетуді өзіне мақсат етіп қояды.
Шығармашылық бағытта көптеген байқаулар
ұйымдастыру
арқылы Республиканың мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының
педагогтары мен оқушыларына өздерінің кәсіби және шығармашылық потенциалдарын танытып,
қабілет-қарымын одан ары ұштай түсуге ықпал етеді.
Ел дамуының басты қозғаушы күші болуы үшін
еліміздің
жас буын өкілдерінің және олардың интеллектуалды және тәрбиелік тұрғыда дамуы жолында
жетекшілік көрсетіп,бығыт-бағдар болып жүрген ұстаздар қауымының дамуына үлес қосу "Ushqyr"
білім орталығының басты міндеті.
"Ushqyr" - Жалпы пәндер бойынша Қазақстандағы ең
үздік
оқушылардың танымдық
қабілеттерін дамыта отырып, өз бетінше білім алуға мүмкіндік береді. Оқу мен оқытудағы жаңа
мүмкіндіктерді тиімді ұштастырады.